RU

Қаржы биржасында доллар 4 теңгеге арзандады

Қаржы биржасындағы сауда-саттық аяқталған соң доллар бағамы төмендеді. Таңертеңгілік саудадан кейін "америкалық" 4 теңгеге арзандаған. Қазіргі уақытта шетелдік валютаның бағамы 444,57 теңгеге бағаланып отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Валюта бағамы туралы ақпарат Kurs.kz сайтында жарияланған.

Оңтүстік астанадағы айырбастау орындарында бір доллар 443 теңгеден бастап 451 теңгеге дейін сатылған.

Елордасы Нұр-Сұлтандағы айырбастау орындарындағы сауда-саттық та дәл осындай болды. Бұл қалада да бір доллар 443 теңгеден бастап 451 теңгеге дейін сатылды.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында сөз сөйлеп, теңгенің айырбас бағамының тұрақтылығына қол жеткізу аса маңызды екенін айтты.

"Осы мақсатта Ұлттық банкке, үкіметке және квазимемлекеттік компаниялар басшылығына мемлекеттің қаржы нарығында өз эскпорттық табысының бөлігін квазимемлекеттік сектордың субъектілерімен міндетті сатуды қамтамасыз етуді тапсырамын, - деді президент.

Оған қоса, Қазақстан дағдарысқа қарсы шараларға 10 млрд доллар бөлетін болды. Бұл шаралардың жалпы пакеті 4,4 трлн теңгені құрады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар