RU

"Үйде отыруға кеңес бердік": Жасы 65-тен асқан депутаттар мәжіліс отырысына келмеді

Парламент мәжілісі жалпы отырысының форматы біршама өзгерді. Жасы алпыс бестен асқан депутаттар мәжілістің жалпы отырыстарына қатыспайды. Бұл туралы төменгі палата төрағасы Нұрлан Нығматулин мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Әдетте төменгі палатаның жалпы отырысы әр сәрсенбі сайын өткізілетін. Алайда, мереке күндеріне орай пленарлық отырыс бүгін, 26 наурызда өтті.

"Бүгінгі жалпы отырыстың форматы біршама өзгерді. Біздің кейбір әріптесіміз бүгінгі отырысқа қатысқан жоқ. Бірақ, алаңдамаңыздар, бәрі аман, дені сау. Біз жасы 65-тен асқан кейбір әріптесімізге дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынымдарына сәйкес жалпы отырыстарға қатыспай, үйде отыруға кеңес бердік", – деді спикер.

Нығматулин кворум (107 депутаттың 2/3) зейнеткер депутаттардың қатысуынсыз-ақ пленарлық отырыс өткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

"ДДСҰ-ның санитарлық нормаларына сәйкес депутаттардың отыратын орны да өзгерді. Құдды бизнес кластағыдай", – деп әзілдеді мәжіліс төрағасы.

Айта кетсек, 18 наурызда мәжіліс қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшті. Төменгі палатаның жалпы отырыстарына тек депутаттар мен әр заң жобасы бойынша негізгі баяндамашылар қатысады. Бүгін пленарлы отырысқа 107 депутаттың 82-і қатысып отыр.

Бұған дейін Өзбекстанда 16 наурыздан бастап төменгі парламент палатасының карантинге жабылғанын хабарлағанбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Қазақстанның басқа да жаңалықтары