RU

Коронавирус жұқтырған медбике өз-өзіне қол жұмсады

Италияның Монца қаласында қызмет ететін медбике коронавирусқа тапсырған сынағы оң нәтиже көрсеткеннен кейін өз-өзіне қол жұмсады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ге сілтеме жасап.

34 жастағы медбике Даниэла Трецци қарқынды терапия бөлімінде жұмыс істеген, бірақ 10 наурыздан бастап коронавирус инфекциясының белгілері пайда болуына байланысты карантинде жатыпты.

Ауру сынағы оң нәтиже көрсеткеннен кейін әйел адам өз-өзіне қол жұмсаған. Ол ауруды басқаларға жұқтырып алудан қорқып, осындай қадамға барған көрінеді.

Италияның медбикелер ұлттық федерациясында оның өлімін растады және болған оқиғаға қатысты алаңдаушылық білдірді.

Олар Трецци күшті күйзелістен зардап шеккенін атап өтті. Себебі медбике қауіпті вирусты ет жақындарына, өзге адамдарға жұқтырудан қатты қорыққан.

Естеріңізге сала кетейік, Англияда коронавирус инфекциясымен жансақтау бөлімінде жатқан науқас әлем халқына үндеу жасады.

Ер адам көпшіліктен сақтық шараларын барынша ұстап, ет жақындарының өмірін қатерге тікпеулерін өтінді.

Қарқынды терапия бөлімінде жатқан британиялық азамат адамдарға коронавирустың қауіпті екенін ескертті. Ол өзіне ауру жұқпайды деп есептейтін, карантинді сақтамайтындарға үндеу жолдады..

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Қазақстанның басқа да жаңалықтары