RU

Коронавирус пандемиясы: Әлемде қайтыс болғандар саны 21 мыңнан асты

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы статистикасына сәйкес, қазіргі уақытта әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 472,4 мыңнан асты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ centralasian.media сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінде әлем бойынша 21,3 мыңға жуық науқас қайтыс болды, ал 114,7 мың адам аурудан айығып шықты.

Дертке шалдыққандар саны бойынша бірінші орында Қытай тұр, ал қайғылы жағдайлар Италияда көп тіркелді.

Коронавирус жұқтырғандар:

Қытай- 81,2 мың адам

Италия-74,3 мың адам

АҚШ - 68,4 мың адам

Салыстыру үшін Қазақстан-97 адам.

Қайғылы жағдайлар:

Италия-7,5 мың

Қытай-3,2 мың

АҚШ-1,1 мың

Қазақстан-0.

Елімізде коронавирустан жазылғандар саны 2. Ал қытайлық дәрігерлер 74 мың науқасты дерттен айықтырды. Жаңа деректер Америка Құрама Штаттарында көп тіркелуде. Аталған статистика сағат сайын артып келеді.

Естеріңізге сала кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанның өзге өңірлеріне қандай жағдайда карантин енгізілетінін айтты. Ведомствоның ресми өкілінің сөзінше, бұл үшін COVID-19 жұқтырғандардың саны бестен асуы керек.

"Ведомствоаралық комиссияның қаулысына сәйкес, егер басқа қалаларда коронавирус инфекциясымен ауырғандар саны бес адам және одан да жоғары болса карантин енгізіледі", - деді Диас Ахметшәріп.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар