RU

Қазақстандықтар пандемияға дейін коронавируспен ауырған болуы мүмкін бе

Қазақстандықтар әлемде COVID-19 инфекциясы жаппай тарамай тұрып, коронавируспен ауырған болуы мүмкін бе? Бұл сұраққа денсаулық сақтау министрлігі тауарлар сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің басшысы Людмила Бұйрабекова жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Время" басылымына сілтеме жасап.

Қазір көптеген қазақстандық күзде және қыстың басында ауырғанын еске алып жатыр. Сырқат белгілері COVID-19 инфекциясын жұқтырғандарда анықталған белгілерімен бірдей дейді олар. Бұл коронавирус болуы мүмкін бе, мүмкін науқастар бұл аурудан бейхабар болған шығар? Аталған сұрақты басылым тілшісі комитет басшысынан сұрады.

"Жоқ, ол мүмкін емес. Егер олай болса, ауырғандар көп болар еді. Біз нақты клиникада коронавирусқа тән дерт өсімін байқар едік. Бірақ, олай болмады. Біз ауру белгісін тек наурызда анықтадық" ,- деді ол.

Комитет басшысының сөзінше, егер азаматтарды коронавирусқа жаппай тексере болса, аламның қазір ауырғаны немесе оған дейін ауырғаны анықталады. Бірақ дерт уақытын білу мүмкін емес.

Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы статистикасына сәйкес, қазіргі уаұытта әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 472,4 мыңнан асты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар