RU

Қарағандылық ер адам ауруханада карантинде жатқан әйеліне терезеден кірмек болған

Қазақстандықтар елдегі төтенше жағдай ережелерін бұзуын тоқтатар емес әрі ол үшін заң бойынша тиісті жазасын алуда. Ақпарат және коммуникациялар министрі Қарағандыда орын алған жайтқа байланысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елдегі ТЖ тәртібіне байланысты ойын-сауық орталықтардың жұмысына тыйым салынғаны қарамастан кейбір мекемелер өз жұмысын жалғастырып жатыр. Тек бизнесмендер ғана емес, жабық мекемеге келуші де заңды белінен басқан боп есептеледі.

Тәулік ішінде тәртіп бұзған 137 қазақстандық жазаланып, оның 89-ы тұтқындалды.

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев бір абсурдтық оқиға жайлы сөз етті. Оның айтуынша, ер адам карантин режимін бұзып, бұрынғы жұбайы жатқан Қарағандыдағы ауруханалардың бірінің терезесіне шықпақ болған.

Медициналық мекемеде оның бұрынғы жұбайы жатқан көрінеді. Әйел адам Германиядан ұшып келіп, міндетті 2 апталық карантинге жатқызылған. Полиция заң бұзған ер адамды 10 тәулікке қамауға алды.

Айта кетейік, төтенше жағдай кезінде заңды талаптарды орындамаған азаматтар жауапкершілікке тартылады.

Мәселен санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының нұсқамаларын орындамағаны (ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі – 500 АЕК-ке дейін айыппұл) және санитариялық ережелер мен гигиеналық нормаларды бұзғаны үшін (ӘҚБтК-тің 425-бабы – 5 млн теңгеге дейін айыппұл) әкімшілік жауаптылық белгіленген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар