RU

"Шыда, бауырым": Нұр-Сұлтанда еріктілер мұқтаж жандарға көмек көрсетуде

Нұр-Сұлтан қаласында тұрғындар тұрақты үй-жайы жоқ, мұқтаж жандарға арнап азық-түлік қалдыра бастаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жазба Instagram-дағы eto_astana_detka парақшасындағы жарияланған. Ондағы суретте азық-түлікке толы және антисептигі бар пакеттерді байқауға болады.

Жазбаның авторы дайын тамақ Кенесары хан ескерткішінің жанында жағажайда орналасқанын хабарлаған. Бұл пакеттерден бөлек темір шарбаққа "Шыда, бауырым" сөздері жазылған жазба жапсырылған.

Науқанды қала тұрғындары да қошай жөнелді, алайда жерлестерінің бұл бастамасына сыни пікір білдіргендер де болды.

Бірі жазбаның жағымды әсер сыйлағанын айтса, бірі көзіне жас келгенін жасырмады. Пікір білдіргендер қатарында әрекеттің берері мол екенін түсінетіндер болса да, екінші біреулердің ойынша, бұл гигиенаға сай емес әрі аса кемсіту көрінеді.

Елорданың кейбір тұрғындарының айтуынша, егер көмек мекенжай бойынша таратылса, мұқтаж жандарға жәрдем берудің пайдасы бұдан да мол болар еді.

Ал еліміздің екі ірі қаласы Алматы мен Нұр-Сұлтанда вирустың таралуына жол бермес үшін 19 наурыздан бастап карантин режимі енгізілген.

Айта кетейік, төтенше жағдай кезінде заңды талаптарды орындамаған азаматтар жауапкершілікке тартылады.

Мәселен санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының нұсқамаларын орындамағаны (ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі – 500 АЕК-ке дейін айыппұл) және санитариялық ережелер мен гигиеналық нормаларды бұзғаны үшін (ӘҚБтК-тің 425-бабы – 5 млн теңгеге дейін айыппұл) әкімшілік жауаптылық белгіленген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар