RU

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған төрт науқастың жағдайы ауыр

Бүгін Нұр-Сұлтан денсаулық сақтау басқармасы елордада коронавируспен ауырған 61-ші науқастың жағдайын хабарлады. Олардың барлығы ауруханада оқшауланған. Төрт науқастың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Науқастар тыныс алу жеткіліксіздігі бар пневмонияға шалдыққан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Басқарма басшысы Сәуле Қисықованың айтуынша, 61-ші науқастың ішінде азаматтардың барлығының дерлік жоғары дене қызуы жоқ. Олардың жағдайы қанағаттанарлық.

4 азаматтың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Ауруханадағы осы науқастарда пневмония басталды. Қазір олардан тыныс алу жетіспеушілігі анықталды.

Жағдайы ауыр науқастар коронавирусқа қарсы хаттамаларға сәйкес емделеді.

Еске сала кетейік, осы уақытқа дейін бір күнде Нұр-Сұлтандағы пациенттер қатарына 20 адам қосылды. Олардың 14-і оқшауланған ауруханада еді. Кейбіреулері коронавиурс жұқтырғандармен байланыста болғандар ретінде ауруханаға жатқызылды, ал басқалары дәрігерлерге ыстығы көтеріліп, жедел респираторлы вирустық инфекция белгілерімен, және тіпті пневмонияға деген күдікпен өздері жүгінді.

Айта кетейік, төтенше жағдай кезінде заңды талаптарды орындамаған азаматтар жауапкершілікке тартылады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар