RU

Алматыда бір әйел коронавирус дертінен айығып, ауруханадан шықты

Алматы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирус жұқтырған әйел адам емделіп шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты.

Оның сқзінше, әйел адам Қазақстанда коронавирустық инфекцияны жұқтырғандардың алғашқыларының бірі.

"Пациент коронавирусты Еуропада жұқтырған. Ол вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. Ауру симптомдарсыз өтіп, вирусқа қарсы емді әйел қанағаттанарлық жағдайда өткізді. Емдеу кезеңінде асқынулар болған жоқ. Соңғы жүргізілген екі бақылау талдау шаралары коронавирусқа теріс нәтиже көрсетті",– деді Әбілдаев.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы статистикасына сәйкес, қазіргі уақытта әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 472,4 мыңнан асты.

Бүгінде әлем бойынша 21,3 мыңға жуық науқас қайтыс болды, ал 114,7 мың адам аурудан айығып шықты.

Дертке шалдыққандар саны бойынша бірінші орында Қытай тұр, ал қайғылы жағдайлар Италияда көп тіркелді.

Коронавирус жұқтырғандар:

Қытай- 81,2 мың адам

Италия-74,3 мың адам

АҚШ - 68,4 мың адам

Салыстыру үшін Қазақстан-97 адам.

Қайғылы жағдайлар:

Италия-7,5 мың

Қытай-3,2 мың

АҚШ-1,1 мың

Қазақстан-0.

Елімізде коронавирустан жазылғандар саны 2. Ал қытайлық дәрігерлер 74 мың науқасты дерттен айықтырды. Жаңа деректер Америка Құрама Штаттарында көп тіркелуде. Аталған статистика сағат сайын артып келеді.

Естеріңізге сала кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанның өзге өңірлеріне қандай жағдайда карантин енгізілетінін айтты. Ведомствоның ресми өкілінің сөзінше, бұл үшін COVID-19 жұқтырғандардың саны бестен асуы керек.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар