RU

"Коменданттық сағат емес": Абаев үш қаладағы шектеу шаралары туралы айтты

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев үш қаладағы шектеу шаралары коменданттық сағат болмаса да, биліктің қауіпсіздік бойынша барлық шарасын ұстану керектігін айтып өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Бұл туралы министр "Хабар 24" арнасында онлайн режимде өткен брифингте мәлім етті.

"Вирустың ел ішінде тарауы өсіп келе жатыр. 28 наурыздан бастап республикалық маңызы бар үш қалада жаңа шектеу шаралары күшіне енеді. Бүгін Үкімет жариялаған Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына қатысты шектеулер – коменданттық сағат емес. Бірақ ол талаптарды қатаң сақтау керек», - деді Даурен Абаев.

Ақпарат және қоғамдық даму министр халыққа сақтық шараларын орындауды өтінді.

"Үйде болыңыздар! Аман болайық... Қазір болып жатқан жағдай – бәріміз үшін сынақ. Оқшаулану бойынша биліктің барлық талабын орындау керек", - деді Даурен Абаев.

Cоңғы мәліметтер бойынша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 111-ге жетті.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 61 адам,

Алматы қаласында – 40 адам,

Қарағанды қаласында - 4,

Шымкент қаласында - 2 адам,

Алматы облысында - 1 адам,

Ақтөбе облысында - 1 адам,

Жамбыл облысында -1 адам.

Еске сала кетсек, осыған дейін елімізде қауіпті дерттен бір адамның қайтыс болғанын жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар