RU

Тоқаев коронавирус індетінен қайтыс болған әйелдің туыстарына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустан қайтыс болған әйелдің туыстарына көңіл айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Бұл туралы Қазақстан президенті Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

"64 жастағы әйелдің коронавирустан қайтыс болуы бұл індеттің аса қауіпті әрі карантинді сақтау өте маңызды екенін көрсетеді. Туған-туыстарына көңіл айтамын. Елорда мен Алматыда карантин шараларын күшейтіп, Шымкентте шектеулер енгізу жөнінде шешім қабылданды.
Осындай қажетті шара қолдануға мәжбүрміз. Эпидемияны бәріміз бірге жеңеміз. Одан сабақ алып, тиісті қорытынды жасаймыз", - деді Тоқаев.

Еске сала кетсек, осыған дейін елімізде қауіпті дерттен бір адамның қайтыс болғанын жазған болатынбыз.

Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Даурен Абаев мәлімдеді.

"Өкінішке қарай бүгін коронавирустен науқас бір әйел қайтыс болды. Бұл орны толмас ауыр қаза. Марқұмның жақындарына көңіл айтамыз", - деді ол.

Министр халыққа сақтық шараларын орындауды өтінді.

"Үйде болыңыздар! Аман болайық. Ертең Нұр-Сұлтан қаласының Денсаулық сақтау басқармасы көз жұмған әйелге қатысты ақпаратты береді. Бұл жағдай – коронавирус инфекциясының қаупін тағы бір еске салып отыр. Қазір болып жатқан жағдай – бәріміз үшін сынақ. Оқшаулану бойынша биліктің барлық талабын орындау керек", - деді Даурен Абаев.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар