RU

Коронавирустан қайтыс болған қазақстандық туралы тың деректер пайда болды

Корнавирустен қайтыс болған әйел Ақмола облысының тұрғыны болып шықты. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің Telegram арнасында мәлім етті деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Хабарламада интенсивті терапияның қолданылуына қарамастан ауруханада Ақмола облысының 64 жастағы тұрғыны, әйел адам қайтыс болғаны жазылған.

Өлім себебі – екі жағы тұтасқан пневмония, тыныс алуының қиындығы, қант диабеті кезіндегі сепсис, атеросклероз гипертониясы. Өкпенің қабынуының себебі – коронавирус.

"Ақмола облысында тұрады деп жазылған бұл пациент Нұр-Сұлтан қаласында облыстық көпсалалы ауруханада жатты. Оқиға географиялық жағынан алғанда Нұр-Сұлтан қаласында болғандықтан тіркеу де осы жерде жүргізілді. Осыған қарай біз де медициналық статистикамызды Ақмола облысына жатқызып отырмыз. Осы себепті ертең бифингте қосымша мәліметтер айтылады",-делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, осыған дейін елімізде қауіпті дерттен бір адамның қайтыс болғанын жазған болатынбыз.

Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Даурен Абаев мәлімдеді.

"Өкінішке қарай бүгін коронавирустен науқас бір әйел қайтыс болды. Бұл орны толмас ауыр қаза. Марқұмның жақындарына көңіл айтамыз", - деді ол.

Министр халыққа сақтық шараларын орындауды өтінді.

"Үйде болыңыздар! Аман болайық. Ертең Нұр-Сұлтан қаласының Денсаулық сақтау басқармасы көз жұмған әйелге қатысты ақпаратты береді. Бұл жағдай – коронавирус инфекциясының қаупін тағы бір еске салып отыр. Қазір болып жатқан жағдай – бәріміз үшін сынақ. Оқшаулану бойынша биліктің барлық талабын орындау керек", - деді Даурен Абаев.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар