RU

Қарағандыда тағы екі адам коронавирус жұқтырды: Тың деректер пайда болды

Бүгін Қарағанды қаласында коронавирус инфекциясы тағы екі адамнан анықталды. Науқастар Франциядан "Минск-Нұр-Сұлтан" рейсімен 18 наурызда ұшып келген. Екі әйел қонғаннан кейін бірден карантинге жатқызылған деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Бұл туралы Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев онлайн-брифингте мәлім етті.

Оның айтуынша, пациенттерде вирустың болуы зертханалық талдаулар арқылы расталған.

Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық.

Нұрлыбаев рейстің қалған жолаушыларынан 26 наурызда коронавирус белгілері табылмағанын жеткізді.

Қазіргі уақытта карантиндегі 314 адам тәулік бойы бақылауда. Олардың 1А санатындағы елдерден оралған немесе шартты түрде жұқтырған адамдармен байланыста болған азаматтар екендігі айтылды.

Тағы 152 адам үй жағдайында карантиннен өтіп жатыр.

Еске сала кетсек, Қарағанды қаласында тағы екі адамнан коронавирус инфекциясы анықталғанын жазған едік.

Оның алдында елімізде қауіпті дерттен бір адамның қайтыс болды.

Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Даурен Абаев мәлімдеді.

"Өкінішке қарай бүгін коронавирустен науқас бір әйел қайтыс болды. Бұл орны толмас ауыр қаза. Марқұмның жақындарына көңіл айтамыз", - деді ол.

Министр халыққа сақтық шараларын орындауды өтінді.

"Үйде болыңыздар! Аман болайық. Ертең Нұр-Сұлтан қаласының Денсаулық сақтау басқармасы көз жұмған әйелге қатысты ақпаратты береді. Бұл жағдай – коронавирус инфекциясының қаупін тағы бір еске салып отыр. Қазір болып жатқан жағдай – бәріміз үшін сынақ. Оқшаулану бойынша биліктің барлық талабын орындау керек", - деді Даурен Абаев.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар