RU

Алматыдағы коронавирус ошақтарын білесіз бе

Алматыда санэпидемиологтар 20 ошақты бақылауға алды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің дерегі бойынша, бүгін Алматыда коронавирус шыққан ошақтың саны 20-ға жетті.

Қазір санитарлық мамандар кіреберісте күшейтілген дезинфекциялық режім енгізіп жатыр. Басқа үйлердің тұрғындарының қозғалысы мен кіруіне шектеу қойылды.

Карантин режимі мерзім аяқталғаннан кейін алынып тасталады.

Айта кету керек, Зенков көшесіндегі 59-үйдің тұрғыны бүгін жазылып шыққан болатын. Бұл мекенжайдан 27 наурыз сағат 00:00-ден бастап шектеу шаралары алынады. Әйел 14 күн ішінде үй карантинінде болады, медицина қызметкерлері денсаулық жағдайына мониторинг жүргізеді.

Қала билігі алматылықтарды карантин режімін қатаң сақтауға, карантиндік аумақтың ішінде жүруден аулақ болуға, жеке гигиена шараларын сақтауға, туыс, дос, әріптестерімен қарым-қатынасты шектеуді сұрайды.

Мұндағы мақсат – әр адамның өзін коронавирус инфекциясын жұқтырудан сақтау, жақындары және айналасындағыларға да жұқтыру қаупін төмендету.

Қала әкімдігі, медициналық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметтері тарапынан індеттің ошақ аумағынан тыс жерге таралып кетпеуі үшін күшейтілген іс-шаралар атқарылуда.

Еске сала кетсек, осыған дейін елімізде қауіпті дерттен бір адамның қайтыс болғанын жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар