RU

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған үшінші адам анықталды

Жамбыл облысында коронавирус індетін жұтырған тағы бір адам анықталды. Осылайша елімізде қауіпті індетке шалдыққандардың саны 113-ке жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

27 наурызда сағат 00:00-де Қазақстандағы коронавирусқа қатысты жағдай бойынша індетті жұқтырған тағы 1 адам Жамбыл облысында тiркелді.

"Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 60 адам, Алматы қаласында – 40 адам, Қарағанды қаласында - 4, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Ақмола облысында - 1 адам, ал жалпы республикада 113 науқас тіркелді", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, кеше түнде Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған екінші адам тіркелген болатын.

Кейінірек науқастың қайдан келгені, кімдермен байланысқа түскені анықталды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Қазақстанның басқа да жаңалықтары