RU

Коронавирус: Мадридтік "Реалдың" стадионында дәрі-дәрмек сақталатын болды

Мадридтік "Реалға" тиесілі "Сантьяго Бернабеу" стадионының басшылығы коронавируспен күресу үшін спорт кешеніне қажетті дәрі-дәрмектерді сақтауға мүмкіндік берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Бұл туралы ақпарат мадридтік "Реал" клубының ресми сайтында жарияланды.

Мұндай шара футбол клубы мен Испанияның Жоғары спорт кеңесінің медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізу және сату жөніндегі жобаны жүзеге асырудың бір тармағы болып табылады.

Олардың таралуына Италия Денсаулық сақтау министрлігі жауап береді.

Сонымен қатар, корольдік клуб осы орталыққа қайырымдылық мақсатында ақша жіберу үшін ұйымдар мен мекемелерге, соның ішінде спортқа қатысты компанияларға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта Испанияда 50 000 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, оның 3615-і індеттен көз жұмды.

Ал бес мыңнан астам науқас жазылған.

Соңғы мәліметтер бойынша, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 121 адамға жетті.

Күні кеше коронавирустан айыққан екі қазақстандық ауруханадан шықты. Сондай-ақ, 26 наурызда елімізде COVID-19 инфекциясынан болған алғашқы адам өлімі тіркелді.

Коронавирустан көз жұмғандар Италияда көп тіркелген. Осыған дейін туристердің сүйікті елінде 8 мыңнан аса адам қайтыс болды. Соңғы 24 сағатта 712 қайғылы жағдай тіркелген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Қазақстанның басқа да жаңалықтары