RU

2020-03-30

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 294-ке жетті

Автор:

Алматы облысында тағы бір адамнан коронавирус анықталды. Осылайша, елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 294-ке жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz cайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Коронавирус бойынша 30 наурыз сағат 12:45-тегі жағдай:

"Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 167 адам, Алматы қаласында – 73 адам, Қарағанды облысында - 7, Ақмола облысында - 9 адам, Атырау облысы - 12 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 7 адам, Ақтөбе облысында - 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 5 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, жалпы 294 науқас тіркелді", - делінген хабарламада.

Айта кетсек, 30-шы наурыздан бастап, Атырау, Қарағанды, Теміртау, Саран, Абай және Шахтинск қалалары каратинге жабылды. Ал Ақтау қаласында бірқатар шектеулер күшіне енеді.

31-ші наурыздан бастап Ақтөбе, Қостанай облыстарына кіруге тыйым салынады.

Еске сала кетейік, 19 наурыздан бастап еліміздің ең ірі екі қаласы Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылған болатын.

Ал еліміздің үшінші мегаполисі Шымкентте 28 наурыздан бастап бірқатар шектеу шаралары күшіне енген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Ұсынылған мақалалар

NUR.KZ әлеуметтік желілерде