RU

Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар саны 5 адамға жетті

Автор:

Қазақстанда коронавирус ауруынан қайтыс болғандар саны артты. Соңғы мәліметтер бойынша, вирустан елімізде 5 адам көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Ақмола облысында коронавирустан бесінші өлім тіркелді. Қазір елдің бұл аймағында вирустан екі адам қайтыс болды.

Ресми түрде расталған инфекциялардың саны - 20 адам. Бүкіл елде коронавирус құрбандарының саны беске дейін өсті.

Бүгінгі таңда елімізде инфекциядан қайтыс болған адамдар саны 5-ке жетті.

Айта кетейік, бұған дейін коронавируспен ауыратын науқастың Түркістан облысындағы ауруханада қайтыс болғаны белгілі болды.

Марқұм Жетісай ауданының тұрғыны болып шыққан. Ол 64 жаста еді. Науқас аурудың алғашқы белгілерін 26 наурызда сезген, бірақ жағдайы нашарлаған кезде 29 наурыз күні ауруханаға түскен.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Ұсынылған мақалалар

NUR.KZ әлеуметтік желілерде