RU

2020-04-04

Ақтау қаласында ер азамат карантиннен қашамын деп омыртқасын сындырды

Автор:

Ақтауда ер азамат карантинге жабылған көп қабатты тұрғын үйдің жоғарғы қабатынан секіремін деп жарақат алды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Лада басылымына сілтеме жасап.

Фото: Лада

Облыстық денсаулық сақтау департаменті мәліметінше, Ақтау қаласында уақытша науқастар тұрып жатқан 11-шағын ауданындағы № 10 тұрғын үй карантинге жабылған.

Осы уақытта сондағы үйлердің бірінде қонақта болған Бейнеу ауданының тұрғыны үшінші қабаттан секіріп, қашып кетпек болғаны анықталды.

Дәрігерлер ер азамат омыртқасын сындырып, қазіргі уақытта ауруханада жатқанын мәлім етті.

Айта кетейік, тұрғын үй коронавирус анықталға соң оқшауланған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Ұсынылған мақалалар

NUR.KZ әлеуметтік желілерде