RU

Тоқаев "Байқоңыр" кешеніндегі президенттің арнаулы өкілін тағайындады

Автор:

Мемлекет басшысы "Байқоңыр" кешеніндегі президенттің арнаулы өкілін тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Лауазымды орынға Серік Сүлейменов жайғасты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Серік Сүлйеменов. Фото: kyzylorda-news.kz

"Мемлекет басшысының өкімімен Серік Жүсіпұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін, сәуірдің бірінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкіл Бахытжан Намаев қызметінен босатылғаны туралы Ақорда сайтында хабарланған.

"Мемлекет басшысының өкімімен Бахытжан Билялұлы Намаев Қазақстан Республикасы президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі қызметінен босатылды", – делінген құжатта.

Сондай-ақ, сәуір айының басында депутат Бейбіт Мамыраев мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалғаны белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Ұсынылған мақалалар

NUR.KZ әлеуметтік желілерде