RU

Коронавирустан көз жұмған жетінші науқас бұрын қайтыс болған адаммен байланысқан

Автор:

Ақмола облысында еліміз бойынша коронавирустан жетінші адам көз жұмды. Марқұмның диагнозы ол қайтыс болған соң расталған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

COVID-19 инфекциясынан көз жұмған тұрғын туралы ақпаратты Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы жариялады.

Ведомствоның хабарлауынша, Целиноград ауданының 1929 жылы туған тұрғыны 6 сәуірде қайтыс болған. Ол бұған дейін вирустан көз жұмған 1947 жылғы ер адаммен байланыста болған.

Қарт кісіге коронавирустық инфекция диагнозы 7 сәуірде, ол қайтыс болған соң қойылған.

Зейнеткер артериялық гипертензия, ортан жіліктің мойынының сынығы (2016 жылдан бастап), дисциркуляторлық энцефалопатия, паркинсионизм синдромы, жүректің ишемиялық ауруы, жүрек ұстамасы, созылмалы бронхит диагноздарымен тiркеуде болған.

Еске сала кетсек, елімізде коронавирустық инфекция диагнозы расталғандар саны 709 адамға жетті.

Сондай-ақ Нұр-Сұлтанда 28, Алматыда 23, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарында бір адам COVID-19 инфекциясынан жазылып шықты. Жалпы елімізде коронавирусты жеңгендер 53 адамға жетіп отыр.

Сонымен бірге, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары, Ақмола, Қарағанды, Түркістан облыстарында коронавирустан болған өлім жағдайы тіркелді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Ұсынылған мақалалар

NUR.KZ әлеуметтік желілерде