RU

Коронавирусқа байланысты бағасы түсіп кеткен футболшыларды білесіз бе

Коронавирус індетіне байланысты әлемдегі барлық футболшылардың нарықтағы бағасы 9,22 миллиард еуроға түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Transfermarkt сайтына сілтеме жасап.

Коронавирус пандемиясына байланысты футболшылардың нарықтағы бағасы 20 пайызға төмендеген.

Ал 1998 жылғы және одан кіші ойыншылардың бағасы 10 пайызға ғана түскен.

Мәселен енді Испания чемпионатының ең қымбат футболшысы Лионель Месси 112 миллион еуро тұрады. "Барселона" клубы мен Аргентина құрамасының капитаны коронавирусқа дейін 140 миллион еуроға бағаланған еді.

Неміс бундеслигасындағы ең қымбат футболшы Джейдон Санчоның бағасы 130 миллион еуродан 117 миллионға түскен.

Англия премьер-лигасының құнды ойыншысы болып саналатын "Манчестер Сити" шабуылшысы Рахим Стерлинг енді 128 миллион еуро тұрады. Осыған дейін футболшының нарықтағы бағасы 160 еуро болған.

Франция чемпионатында доп тебетін әлемнің үздік футболшыларының бірі - Киллиан Мбаппе бұрын 200 миллион еуроға бағаланса, қазір "ПСЖ" клубының шабуылшысы 180 миллион еуроға бағаланған.

Ал туриндік "Ювентус" пен Италия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдудың нарықтағы бағасы 60 миллион еуроға дейін түскен.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Еске сала кетсек, осыған дейін COVID-19 инфекциясын қандай футболшылар жұқтырғанын жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Қазақстанның басқа да жаңалықтары