RU

Екі күнде коронавирусты басатын дәрі табылды

Автор:

Австралияның Монаш университеті мен Мельбурндағы корольдік аурухананың ғалымдары екі күннің ішінде коронавирусты басатын дәрілік затты тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Жұмыс нәтижесі Antiviral Research порталында жарияланған.

Зерттеушілер ивермектиннің коронавирус жұқтырған жасушаларға әсерін талдап, вирус жұқтырудан екі сағат өткен соң антипаразитті дәріні қосқан.

Препараттың бір дозасы 24 сағаттан кейін вирустық РНҚ мөлшерін 93 пайызға төмендеткені белгілі болды. Ал екі тәулік өткен соң РНҚ 99 пайызға азайған.

Ғалымдардың мәліметінше, ғылыми тәжірибе кезінде ивермектин үлгілерге уытты әсер бермеген.

Еске сала кетсек, бұған дейін америкалық мамандардың 45 минуттың ішінде адамның коронавирус жұқтырған не жұқтырмағанын анықтайтын экспресс-тест жасап шығарғаны хабарланды.

Сондай-ақ көршілес Ресейде де ғалымдар жаңа коронавирусқа қарсы вакцинаны сынақтан өткізе бастаған болатын. Дәрілік зат осы жылдың күз-қысында дайын болып қалуы мүмкін. Тәжірибе зертханалық жануарларға, соның ішінде маймылдарға жасалған.

Айта кетейік, соңғы деректер бойынша әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 1,5 миллионнан асты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Ұсынылған мақалалар

NUR.KZ әлеуметтік желілерде