RU

2020-04-09

БҚО-да әйелі мен балаларын өртеп жіберген азамат өзін-өзі өлтірмек болды

Автор:

Батыс Қазақстан облысында полицейлер жұбайы мен кәмелетке толмаған балаларын өлтірген күдіктіні қолға түсірді. Марқұмдардың денесі өртенген үйден табылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

БҚО ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, 9 сәуір күні түнгі сағат 2 шамасында БҚО Тасқалы ауданы Ақтау ауылындағы жекеменшік үйден өрт шыққаны туралы хабар келіп түскен.

"80 шаршы метр аумақта өрт болды. Жалын 03:45-те оқшауланды",- деді ТЖД баспасөз қызметінде.

Оқиға орны. Фото: БҚО ТЖД

Полиция оқиға орнында келіншек пен кәмелетке толмаған екі қызының күйген денесі табылғанын мәлімдеді.

"Бұл қылмысқа 1986 жылы туған келіншектің жары күдікті болып отыр. Ол ұсталған сәтте тамағын кесіп тастамақ болды. Жедел қызметкерлер суицидтің алдын ала алды. Азамат ауруханаға жеткізілді",- деді БҚО ПД баспасөз хатшысы Болатбек Белгібеков.

Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 99- бабы (Кісі өлтіру) бабы бойынша сот алды тергеу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта бірқатар сараптама тағайындалды.

Айта кетейік, елордада жұбайын өртеп жіберген ер адамға қатысты үкім шықты. Сот Сапарбек Өмірбековті жұбайын аса қатыгездікпен өлтіргені үшін кінәлі деп тауып, 15 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қауіпсіздігі барынша қатаңдатылған мекемеде өтейтін болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Ұсынылған мақалалар

NUR.KZ әлеуметтік желілерде