RU

"Қолынан бәрі келеді": Допты жерге түсірмей тепкен Димашқа ел тәнті болды

Дүниежүзін ерекше даусымен таңдай қақтырып жүрген Димаш Құдайберген елді мойындатқан әнші ғана емес, шебер футболшы екенін де дәлелдеді. Желіде өнер иесінің бір орында тұрып, допты жерге түсірмей теуіп жатқан сәтінен видео тарап кетті. Өзін жаңа қырынан танытқан тума талантқа жұрт сүйсініп, оның ерекше қабілетін жоғары бағалаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Димаш Құдайберген жанкүйерлерін тағы да бір мәрте таңғалдырды. Бұл жолы ол ғажайып даусымен емес, доп ойнау шеберлігін паш етіп халықтың ыстық ықыласына ие болған.

Әнші коронавирус инфекциясы салдарынан елімізде жарияланған карантин уақытын қалай өткізіп жатқанымен Instagram парақшасында бөліскен. Ерекше дауыс иесі гастрольдік сапары кейінге қалдырылғандықтан, өз отанына оралған еді.

Қазіргі таңда барлық уақытын отбасына арнап жатқан әнші бос кезінде футбол ойнаумен шұғылданатынын айтты. Ол желідегі оқырмандарына бір орында тұрып, допты жерге құлатпай ұзақ теуіп тұра алатынын көрсетті.

Димаш өзінің шебер екенін дәлелдеу үшін арнайы видео жариялаған. Бейнежазба жұлдыздың жанкүйерлері арасында қызу талқыға түсті. Көпшілік оның ерекше қабілетіне тәнті болып, оған деген жылы лебізін білдірді.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Айта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайберген карантин уақытын қалай және кіммен өткізіп жатқанын көрсеткен болатын. Ол ерекше отбасылық фотолармен бөлісті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Қазақстанның басқа да жаңалықтары