RU

Марқұм саналған неміс футболшысы тірі болып шықты (фото)

2016 жылы қайтыс болды деп саналған германиялық "Шальке" футбол клубының бұрынғы қорғаушысы Хианник Камбаның тірі екені анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Bild басылымының ақпарынша, осы күнге дейін жол-көлік апатынан қаза болды деп саналып келген 33 жастағы Камба Германияның Рур өңірінде отбасымен бірге тұрып жатыр.

Футболшы сақтандыру компаниясынан төлем алу үшін өз өлімін қолдан жасаған болуы мүмкін деген де болжам бар.

Қазіргі уақытта жергілікті прокуратура оның әйеліне қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Ол күйеуінің өлімі туралы жалған құжаттар ұсынған деп айыпталуда.

Камба – "Шальке" академиясының түлегі және жастар командасының ойыншысы. 2008-2015 жылдар аралығында ол Германияның төменгі дивизионындағы клубтарында өнер көрсеткен.

Еске сала кетейік, бұған дейін Австралияда қайтыс болғаннан кейін бір жарым сағат өткен соң қайта тіріліп кеткен ер адам туралы жазған едік.

59 жастағы ер адам түн ортасында жүрегі тоқтап, 90 минуттан кейін қайта көзін ашқан.

Сондай-ақ Үндістанның Карнатака штатында әйел адамның өзінің жерлеу рәсімінде тіріліп кеткенін хабарлаған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Қазақстанның басқа да жаңалықтары