RU

Италиялық "Милан" футбол клубының үш ойыншысы коронавирус жұқтырды

Танымал италиялық журналист Николо Скира "Милан" футбол клубында өнер көрсететін үш ойыншының коронавирусқа тапсырған тест сынамалары оң нәтиже көрсеткенін мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Газета.ru-ға сілтеме жасап.

Ол бұдан бөлек, "Фиорентина" мен "Сампдория" футбол клубтарының ойыншыларынан да инфекция анықталғанын, сол себепті футболдан Италия чемпионатының қайта жалғасуы екіталай екенін атап өтті.

"Футбол әлемінде COVID-19 пандемиясы кең таралып келеді. "Фиорентинада" алты және "Сампдорияда" төрт ойыншыдан вирус анықталғаннан кейін, енді міне "Миланның" үш футболшысы ауруға шалдығып отыр. А Сериясының қайта жандану мәселесінде проблема туынлап отыр", – деп жазды Скира өзінің Twitter парақшасында.

Айта кетейік, Италия чемпионаты коронавирус пандемиясына байланысты 11 наурызда тоқтатылған болатын.

Еске сала кетейік, бұған дейін Уэльс ұлттық құрамасы мен испаниялық "Реал Мадрид" футбол клубының шабуылшысы Гарет Бэйлдың Кардифф қаласындағы өзі өмірге келген ауруханаға коронавируспен күресу үшін 500 мың фунт стерлинг (571 мың еуро) қаржы бөлгенін хабарлағанбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Қазақстанның басқа да жаңалықтары