RU

Денсаулығы нашар 6 айлық сәби коронавирусты жеңіп шықты

6 айлық Эрин Бейтстің жүрегіне ауыр ота жасалғаннан кейін оның коронавирус жұқтырғаны белгілі болған. Ата-анасы Эмма мен Уэйн қызының өмірі үшін күресіп, оның сауығып кететіне соңына дейін сенген. Мүмкіндігінің аз болғанына қарамастан, нәресте түбінде COVID-19-ды жеңіп шыққан деп жазады KAZ.NUR.KZ bigpicture.ru-ге сілтеме жасап.

Он жыл бойы Эмма мен Уэйн балалы болуды армандаған. 2019 жылдың 8 қазанында олардың көптен күткен қызы дүниеге келді. Екі айдан кейін ерлі-зайыптылар кішкентай Эриннің сирек кездесетін және қауіпті жүрек ауруы - Тетрад Фаллотқа шалдыққанын біледі.

Бір айдан кейін, 23 желтоқсанда, Эриге қажетті ота жасалып, ол бір апта жансақтау бөлімінде болды. Дегенмен кардиология бөлімінде нәресте респираторлық-синцитиальды вирусын жұқтырып алады. Тыныс алу жолдарының ауыр инфекциясынан ол қайтадан қарқынды терапия бөліміне түседі.

Эрин өздігінен дем ала алмағандықтан дәрігерлер оны жасанды желдету құрылғысына қосты. Ал содан кейін 10 сәуірде нәрестеден коронавирус анықталды. Алайда кішкентай Эрин бұл вирусты да жеңіп шыққан.

Бұл коронавирустың - патологиясы бар адамдар үшін айтарлықтай үкім емес екендігінің тағы бір дәлелі.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Қазір Эринның денсаулығы жақсы деуге әлі ерте, сондықтан отбасыға көмектесу үшін GoFundMe компаниясы іске көшкен.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбеде бір жасар сәбиден коронавирус анықталғанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Қазақстанның басқа да жаңалықтары