RU

Тоқаев көп жалақы алатындардың салығын көбейту туралы ұсынысының мәнін түсіндірді

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жеке табыс салығының үдемелі өлшемін енгізу туралы үкіметке берген тапсырмасының мәнін түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары барысында үкіметке берген жеке табыс салығының үдемелі өлшемін енгізу туралы тапсырмасының мәнін түсіндірді. Қазақстан президентінің пікірінше, бұл жаңалықтың мақсаты - әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету.
Мұндай жүйе бірқатар мемлекетте қолданылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев айына 250-300 мың теңге жалақы алатын азаматтар табыс салығын 7 пайыздық мөлшерлеме бойынша төлеуге тиіс деп санайды.
Яғни, қазіргі 10 пайыздық мөлшерлемеден төмен болады. Ал, айына 300 мың теңгеден 1,5-2 миллион теңгеге дейін табыс табатындар үшін қазіргі 10 пайыздық мөлшерлеме сақталады.
Президент жылына 25 миллион теңгеден көп табыс табатын азаматтар үшін пайыздық мөлшерлеме көлемі артуы тиіс деген пікірде. Мөлшерлеме көлемін үкіметтің комиссиясы анықтайды. Бұл ретте мемлекет басшысы жеке табыс салығының пайыздық мөлшерлемесінің жоғарғы шекті деңгейі 15 пайыздан аспауы керек деп есептейді", - деді ол.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Еске сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында табыс салығын кірістің көлеміне қарай өзгертуді ұсынған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Қазақстанның басқа да жаңалықтары