RU

Голландияда карантин кезінде жұмыс істеген ерекше мейрамхана жұртты таңғалдырды

Голландия астанасындағы Mediamatic Biotoop мейрамханасының иелері пандемиядан аман қалудың жолын ойластырды: олар қонақтарды арнайы әлеуметтік бөлінген шыны стендтерде түскі ас ішуге шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ bigpicture.ru-ге сілтеме жасап.

Амстердамдағы Оостердок аралындағы арна бойында ерекше құрылымдар орнатылды. Адамдар мұнда түскі ас немесе кешкі ас ішуге келе алады. Алайда оларға бір талап қойылады. Бұл жерге тамақтануға келетін адамдар бір үйде тұрып, бірге оқшауланған болуы керек. Мейрамхана бұл жаңашылдық келушілерге қауіпсіздіктің барлық ережелерін сақтауға көмектеседі деп үміттенеді.

Mediamatic мейрамханасының қызметкерлері әлеуметтік қашықтық ережелерін сақтайды.

Бұл кабиналар Serres Séparées деп аталады, бұл "бөлек жылыжай" дегенді білдіреді.

Қазіргі уақытта олар тек тестілеу сатысында. Болашақта мейрамхана иелері оларды келушілер үшін тұрақты тамақтану орнына айналдырмақ.

Бүгінгі күні Нидерландыда коронавирусты 41 319 адам жұқтырған, ал 5 204 көз жұмған.

Наурыздың ортасынан бастап мемлекетте мектептер, барлар, мейрамханалар, мұражайлар жабылды, адамдар үйден жұмыс істеп, көшеде әлеуметтік қашықтық сақтала бастады.

Естеріңізге сала кетейік, Нидерланды мейрамханасының пандемия кезінде жұмыстың жаңа әдісіне көшкені туралы хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Қазақстанның басқа да жаңалықтары