RU

Туған ұлынан жас көрінетін ана әлем жұртшылығын таңғалдырды

АҚШ-тың Ирвайн қаласының тұрғыны кәсіби фотограф TikTok желісінде кең танымалдыққа ие болды. Бұған себеп келіншектің өзінің туған ұлынан да жас көрінуі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

34 жастағы Дейна Казидың 18 жастағы ұлының жанында тұрып түсірген видеосы 13,6 миллионнан астам қаралым жинаған.

Пікірлер арасында келіншектің тым жас көрінетіні жайлы және ұлының жанында қарындасы деп ойлауға болатыны туралы айтылған.

Дейна бұған 16 жасында босануы себеп болғанын айтады. Оның сөзінше, ол жастай балалы болғанына өкінбейді.

Жас көрінудің тағы бір құпиясы ретінде Дейна өзінің биыл жасатқан косметикалық процедураларын атады. Ол липосакция жасап, ішін тартқан.

Еске сала кетсек, бұған дейін отандық танымал әнші Мақпал Жүнісова 37 жыл бұрынғы суретімен бөлісіп, жанкүйерлерін қуантқан болатын. Эстрада жұлдызы жеке мұрағатындағы суретті жариялап, жас кезінде қандай болғанын көрсеткен еді.

Сондай-ақ, Шешенстанның Курчалой қаласынан шыққан 11 жастағы Амина Епендиева өзінің сырт келбетінің көпшілікті таңғалдырған болатын. Жасөспірімнің бір көзі көк, бір көзі ашық қоңыр түсті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Қазақстанның басқа да жаңалықтары