RU

Әнші Қарақат Әбілдинаның анасы өмірден озды

Отандық танымал әнші Қарақат Әбілдинаның анасы өмірден өтті. 14 баланы дүниеге әкелген батыр ананың бақилық болғаны туралы эстрада жұлдызының өнердегі құрбылары Мадина Сәдуақасова мен Алтынай Жорабаева жеткізген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова алғашқылардың бірі болып, қалың көпшілікке құрбысының отбасындағы қайғылы жағдайды жеткізді. Ол Instagram парақшасында арнайы жазба жариялады.

"Бүгін жан құрбым Қарақаттың аяулы анасы, барлығымызды аялы алақанымен сипап, ақыл-қеңестерін айтып, батасын беріп отыратын Қаламқас апамыз дүниеден озды. Орны толмас қайғы. Отбасына қайғырып көңіл айтамыз. Жаны жәннатта шалқысын, арты қайырлы болсын" - деп жазды Сәдуақасова.

Алтынай Жорабаева да Қарақат Әбілдинаның жанұясына қайғыра көңіл айтып, әлеуметтік желіде Қаламқас апа туралы естеліктерімен бөлісті.

"Біз адамдар бағыттас жолаушылармыз, кім түседі келесі аялдамадан?" демекші, кеше кіммен қоштастық, бүгін кімді соңғы рет көріп тұрмыз, білмейміз. Видеода да солай қоштасып тұр екенбіз. Тек қана Қарақаттың емес, бәріміздің анамыздай болып кеткен, ақ жүрек, кең пейіл Қаламқас анамыз Аллаға қайтты. Мұндайда мұсылман Алладан келдік, Аллаға қайтамыз деп сабыр етеді екен. Рамазан айында өмірден озған анамызды Алла рахымына алсын. Жаннаттық болсы" - деп жазды әнші.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Айта кетейік, Қарақат Әбілдина көпбалалы отбасында өскен. Оның әкесі Тұяқбай мен анасы Қаламқас 14 баланың ата-анасы атанды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Қазақстанның басқа да жаңалықтары