RU

"Бәріміздің анамыз еді": Өнер иелері Қарақат Әбілдинаға қайғыра көңіл айтуда

Қазақстандық өнер жұлдыздары әлеуметтік желі арқылы Қарақат Әбілдинаның қайғысына ортақтасып, оған көңіл айтып жатыр. Халықтың сүйікті әншісі кеше асыл анасынан айырылып қалды. 14 баланы дүниеге әкелген батыр ана өмірден өтті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бірқатар шоу-бизнес өкілдері Қарақат Әбілдинаға Instagram желісі арқылы қайғыра көңіл айтып, оның анасына жантебірентерлік жазба арнауда.

Қаламқас апа туралы естеліктерімен бөлісіп жатқан жұлдыздар арасында Мақпал Жүнісова, Сәкен Майғазиев, Гүлбаршын Тергеубекова, Құрманай Бақтиярқызы, Қанат пен Айткүл Құдайбергеновтер және тағы да басқа әртістер бар.

"Айналайын Қарақатжан бекем бол, жаңа ғана асыл анаңның өмірден озғанын естідік. Қайғыңа ортақ деп білерсің, иманы саламат болсын. 14 құрсақ көтерген алтын анаң жұмақтың төрінде болсын, артында қалған ұрпағы мың жасасын" , - деп жазды Мақпал Жүнісова.
"Қарақатжан. Тас түскен жеріне ауыр. Рамазан айында келмесіне кеткен, жәннатына жеткен алтын анаңды Алла рахымына алсын! Қайғырып көңіл айтамыз" , - деп жазды Құрманай Бақтиярқызы.
"Айналайын Қарақат, аяулы анамыздың бақилық болғанын естіп, қабырғамыз қайысып отыр. 14 баланы жарық дүниеге әкеліп, тәлім-тәрбие берген алтын құрсақ анамыз иманды болсын. Жәннәт қақпалары айқара ашық қасиетті айда Алла тағала фирдаустан орын бергей. Әумин! Қыдыр ағадай қайыспас қара нарың қасында, бекем бол" - деп жазды Майғазиев.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

"Қарақаттай дарынды қызды дүниеге әкелген Қаламқас анамыздың мәңгілік сапарға аттанғанын естіп, қабырғамыз қайысып отыр. Рамазан айында өмірден озған анамызды Алла рахымына алсын, жаны жәнатта болсын ! Қарақатқа, Қыдекене ,туған-туысқандарына көңіл айтамын" , - деп жазды Гүлбаршын Тергеубекова.
"Сұлу қызды дүниеге әкелген, Каламкас анамыздың арты қайырлы болсын. Рамазан айында өмірден озған анамызды Алла тағала рахымына алсын, жаны жәнәтта болғай" , - деп көңіл айтты Қанат пен Айткүл Құдайбергеновтер.
"Қаламқас апамыз тек Қарақаттың емес бәріміздің анамыз еді. Қандай кеш, концерт жасасақ та артынып-тартынып бірінші келетін. Бүгін апамыз мәңгілік мекеніне қайтты деп естіп бір жылап алдым. Бұл кісіні танитын адамдар апамыздың көркем мінезін, аңқылдақ ақ жүрегін тамсанып айтып жүретін еді. Соңғы көргенімде ақ батасын беріп "шошаңдап жүре бермей азаматыңды тап, елдің сөзін тыңдама, жасым 70-ке келсе де шалымды аңсап жалғызсыраймын" деп еді.
Міне, шалының артынан өзі де кетті. Біз де кетеміз. Өмір жалған деген осы. Тал бесіктен шыққан апамыздың арқасы қасиетті айда жер бесікке бөленгені де Алланын мейірімі. Жаны жаннаттан болсын! Қыдеке, Қақат! Біз сіздермен біргеміз,Алла сабыр берсін! Жаңарқаның жұртына қайғырып көңіл айтамын" , - деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Қазақстанның басқа да жаңалықтары