RU

Әлихан Смайылов премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Еліміздің қаржы министрі Әлихан Смайылов премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылсын", - делінген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында.

Әлихан Смайыловтың орнына қаржы министрі болып Ерұлан Жамаубаев тағайындалды.

Айта кетейік, Әлихан Смайылов 1972 жылы дүниеге келген. 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін қолданбалы математика мамандығы бойынша бітірген.

1996 жылы ел президенті жанындағы Қазақ менеджмент, экономика және болжау институтын тамамдап, мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алған.

1993-1995 жылдары - "А-Инвест" инвестициялық-жекешелендіру қорының бас маманы; 1996-1998 жылдары - ұлттық статистика агенттігінің басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы;

1998 жылдың наурызы мен сәуірі аралығында - статистикалық жоспарлау және реформалар агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары;

1998-1999 жылдары - Президент Әкімшілігінде бас сарапшы, сектор меңгерушісі, мемлекеттік инспектор;

1999-2003 жылдары - Статиститка агенттігінің төрағасы;

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

2003 жылғы ақпан мен шілде аралығында - сыртқы істер вице-министрі;

2003-2006 жылдары - "Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы" АҚ басқармасының төрағасы;

2006-2007 жылдары - қаржы вице-министрі;

2007-2008 жылдары - "ҚазАгро" Ұлттық холдингі" АҚ президенті;

2008-2009 жылдары - қаржы вице-министрі;

2009-2014 жылдары - статистика агенттігінің төрағасы;

2014-2015 жылдары - ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған.

2015 жылдың желтоқсаны мен 2018 жылдың қыркүйегі аралығында президент көмекшісі болды.

2018 жылдың қыркүйегінен бастап жаңа қызметіне дейін еліміздің Қаржы министрі қызметін атқарды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Қазақстанның басқа да жаңалықтары