RU

Екі немересі бар 57 жастағы модель өз сұлулығымен елді естен тандырды

Лондонның "әрдайым жас" тұрғыны Казз О'Ниллдың екі қызы мен екі немересі бар. Бірнеше жыл бойы жамбас-сан буындары және белі ауырған модель бүгінде сұлулығымен көпшілікті естен тандырып жүр деп жазады KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Өткен жылы ақ халаттыға жүгінген О'Нилл өмірінің түбегейлі өзгерерін білмеген айтады.

"Маған эстрадиол гармонын жазып берді. Бір айдан кейін қолым ауырмайтын болды. Бұл менің өмірімді өзгертті", - дейді британиялық азаматша.

Өз мүсінін бірқалыпты сақтап қалу үшін О'Нилл йогамен айналысады.

"Ол ағзаға қысым береді, сондай-ақ, қол мен денені тартып, қатайтады. Ереже бойынша, студияға аптасына бір-екі рет дайындыққа барамын. Бірақ, өз-өзін оқшаулау режимінде онлайн сабақтар аламын", - дейді модель.

О'Нилл тәжірибе жасаудан қорықпаймын дейді.

Ұзақ уақыт бойы сары шашты болған ол үш жыл бұрын қызының тойында шашын сұр түске бояп тастаған екен.

Сол қалпы ол бұрынғы бейнесіне оралмауды шешіпті.

Модель маңдайы мен көз маңайындағы әжімдерді кетіру үшін 42 жасынан бастап үш айда бір рет ботокс салдыруды әдетке айналдырған.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Жылына бір рет ернін де үлкейтіп отырады. Одан бөлек, үй жағдайында бет күтетін косметикалар пайдаланады.

О'Ниллдің сөзінше, уақыт өткен сайын оған модельдік бизнеспен айналысу қиынға соғып келеді.

Екі жыл бұрын желіде парақша ашқан ол сұлулық саласы жайлы оқырмандарымен тілдесіп отырады. Оның 43 мыңнан аса оқырманы бар.

Айта кетейік, Тайваньда өз қатарластарынан әлдеқайда жас көрінетін 63 жастағы актриса әрі әнші Чен Мэйфен тұрады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Қазақстанның басқа да жаңалықтары