RU

Ресейде метеориттің құлаған сәті видеоға түсіп қалды

Көрші елдегі Красноярск өлкесінде метеориттің құлаған сәті көшедегі видеобақылау камерасына түсіп қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Канскідегі камера метеорит құлаған сәтті түсіріп алған. Видео ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі "ЧП Канск" парақшасында жарияланды. Бейне сипаттамасында Красноярск өлкесінің бірнеше ауданының тұрғындары құлаған нысанды көргені айтылады.

Тұрғындардың сөзінше, дене жерге құлаған кезде қатты дауыс естілгенін айтты.

Lenta.ru сайтының хабарлауынша, оқиға жергілікті уақыт бойынша 22:40-та (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 21:40-та) болған. Метеорит үлкен жылдамдықпен ұшып, жер бетінен ондаған метр биіктікте сөніп, жоғалып кеткен деп хабарланған.

Жергілікті тұрғынның айтуынша, бұл денеден түскен жарық бүкіл ауланы жарықтандырды, содан кейін жарылысқа ұқсас қатты дыбыс шықты.

Жергілікті ТЖМ өкілдері оқиғаға тұрғындардың ешқайсысы шағымданбағанын хабарлады.

НТВ хабарлауынша, мамандар метеориттің жерге жеткен-жетпегенін анықтап жатыр. Физиктердің пікірінше, объект жерге жеткенде мұндай құбылыс өте сирек кездеседі. Олар әдетте атмосферада ыдырайды.

Басылымның мәліметінше, әзірге ешқандай сынықтар табылған жоқ. Ешкім зардап шеккен жоқ және тұрғындар тарапынан ешқандай шағым түспеген.

Айта кетейік, АҚШ қорғаныс министрлігі беймәлім ұшатын нысан бейнеленген үш бірдей қысқа видеоролик жариялады. Пентагонда видеоның түпнұсқалық фактісі расталды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Қазақстанның басқа да жаңалықтары