RU

"Көп қайырымдылық жасаған": Мақпал Жүнісова Бейсен Құранбектің әрекеті жайлы еске алды

Қазақ эстрадасының жұлдызы Мақпал Жүнісова марқұм Бейсен Құранбек туралы естеліктері жайында сыр шертті. Әнші белгілі журналистпен түскен видеосымен бөлісіп, оның жасаған игі істерін айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Барша қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырған қаза Мақпал Жүнісоваға да ауыр тиген. Өнер иесі Бейсен Құранбекпен тірісінде жақсы араласып, түрлі шараларда жиі кездесіп тұрған.

Ол белгілі тележүргізушіні тек білікті маман ретінде ғана емес, қайырымдылық өте көп жасаған жан ретінде де танып білді.

Әнші Instagram парақшасында Бейсен Құранбек ұйымдастырған игі шара кезінен видео жариялаған. Онда журналист концерттің сәтті өткеніне қуанып тұрғанын байқауға болады. Жүнісова өзін түсіріп жатқанын байқаған бойда тележүргізуші күлімсіреп жіберген.

"Құрметті ағайын арамыздан белгілі журналист тележүргізуші, ардақты азаматымыз Бейсен Құранбек өмірден озды. Иманы саламат болсын, туғандарына қайғырып көңіл айтамыз. Мына видео екі жыл бұрын мені арнайы Жетісу”арнасының 20 жылдығына "концерт беріңіз" деп Талдықорғанға шақырып еді. Концертті тегін берейін деп едім, түскен ақшасын қиналған отбасына бердік деп еді. Өте көп қайырымдылық жасаған азамат еді. Жұмақтың төрінде болғайсыз Бейсен бауырым" , - деп жазды өнер иесі.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Айта кетейік, бұған дейін Бейсен Құранбектің әріптесі оның өлімі алдында ерекше түс көргенін айтқан болатын. Ол түсінен шошып оянғанымен, оны жақсылыққа жоруға тырысқан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Қазақстанның басқа да жаңалықтары