RU

Forbes рейтингі: Нұрлан Сабуров "келешегінен үміт күттіретін 30 ресейліктің" қатарына енді

Қазақстандық стендап-комик Нұрлан Сабуров Forbes рейтингі бойынша "30 жасқа дейінгі келешегінен үміт күттіретін 30 ресейліктің" қатарына кірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Liter.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл рейтингте дәстүрлі түрде 30 жасқа дейін кәсіби қоғамдастықтың құрметіне бөленген тұлғалар ұсынылған.

Таңғаларлығы, бұл тізімде қазақстандық Нұрлан Сабуров та бой көрсеткен. Ол "Жаңа медиа" санатында үздік атанды.

Нұрлан көптеген табысты жобалардың қатысушысы. Мысалы, KUJI-подкаст жобасында ол Тимуром Каргинов және Андрей Коняевпен бірге өзекті жаңалықтар мен проблемаларды әзілмен талқылайды.

Сондай-ақ ол қазіргі таңда Youtube әлеуметтік желісінде үлкен танымалдыққа ие "Что было дальше" шоуының жүргізушісі болып табылады.

Айта кетейік, Нұрлан Сабуров Степногорсктың тумасы. Студенттік шағында КВН-де өнер көрсеткен. Кейіннен ТНТ арнасындағы Stand Up жобасының резиденті атанып, танымал бола бастады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұрлан Сабуров ресейлік журналист Юрий Дудьқа берген сұхбатында бір кездері Италияда "өте бай қазақтардың" алдында өнер көрсеткенін айтып берген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Қазақстанның басқа да жаңалықтары