RU

Әнші Кентал өзінен 14 жас кіші сүйіктісімен некесін қидырды (фото)

Отандық танымал әнші Кентал өзінің 20 жастағы сүйіктісімен шариғат бойынша некесін қидырды. Қос ғашық карантин аяқталғанын күтпей-ақ ерлі-зайыпты атануды шешкен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Кенталдың өзінен 14 жас кіші жары Милананың Instagram желісіндегі парақшасынан белгілі болды. Қалыңдық көпшілікпен қуанышты жаңалығымен бөлісіп, некесі қиылған сәтінен фото жариялаған.

Белгілі болғандай, әнші мен оның сүйіктісі шариғат бойынша некесін 17 сәуір күні қидырған. Эстрада жұлдызы өзге ұлт қызын жар етті.

Сонымен қатар, Милана жолдасының тегін алған көрінеді. Оған бойжеткеннің жеке парақшасындағы мәлімет дәлел болмақ. Ол енді Кенжеболатова болып кеткен.

Тыңдармандарына Кентал лақап атымен танылған әншінің шын есімі - Талғат Кенжеболатов.

Айта кетейік, бұған дейін Кентал өзінен 14 жас кіші сүйіктісі туралы тың мәліметті жария еткен болатын. Ұзақ жылдар бойы бойдақтар тізімінде көш бастап келген әнші жақын арада отбасын құруға ниетті екенін айтқан еді.

Түрік қызына үйленбек болған өнер иесі қазақ аруларының өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққанын құптамайтынын ашып айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Қазақстанның басқа да жаңалықтары