RU

Атырауда жоғалған 1,5 жасар сәбиді іздеуге тағы 400 ерікті қосылды (фото)

20 мамыр күні Атырау қаласының Жұлдыз шағын ауданында 1,5 жасар бала жоғалып кеткен болатын. 50-ге жуық ерікті, 150-ден аса жергілікті тұрғын және 20 әскери қатысқан іздеу жұмыстары нәтиже берген жоқ. Бүгін бүлдіршінді іздеуге тағы 400-ге жуық ерікті жұмылдырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Кеше түсте жоғалған Әли әлі табылмай жатыр. Балақайды іздестіру түнімен жауған жаңбырға қарамастан тоқтаған жоқ.

"Бүгін, 21 мамырда жергілікті уақытпен таңғы сағат 6:30-да көмекке 400-ге жуық ерікті келді. Сондай-ақ, іздестіру жұмысына Ұлттық ұланның 50 сарбазы, полицияның 100-ден астам қызметкері, 50 волонтер жұмылдырылды. Олар "Жұлдыз" шағынауданындағы 51 көшені жан-жақты тексеруге кірісті", - деп хабардар етті облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері жедел іздестірудің өзге де нұсқасын қолға алыған. Шағын аудан аумағындағы кәріз құдықтары, маңындағы барлық нысандар тексеріліп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін жергілікті қоғам белсендісі Олжас Сұлтанов бейнебақылау камераларының жазбалары тексерілгенін атап өтті. Бейнежазбада баланың аулада жүріп көзден таса болғаны көрінеді.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Анасы бір-екі минутқа үйге кіріп шыққан, сол арада Әли із-түзсіз жоғалып отыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Қазақстанның басқа да жаңалықтары