RU

Түркістанда коронавирус жұқтырған әйел COVID-19-ға сенбейтіндерге үндеу жасады (видео)

Коронавирус инфекциясына жұқтырып, ауруханада ем алып жатқан Түркістан облысының тұрғыны қазақстандықтарды бұл вирусқа немқұрайлы қарамауға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ауруханада жатқан әйелдің қазақстандықтарға жолдаған үндеуін облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов өзінің Facebook парақшасында жариялады.

Желі қолданушысы посттың жазбасында атап өткендей, 4 күн бойы дәрігерлер ауыр жағдайда жатқан пациенттің өміріне араша түсіп, тек бесінші күні оның жағдайы жақсарған.

"Ал бүгін науқас бетпердені шешіп, далада алаңсыз қыдырып жүрген түркістандықтарға арнап мәлімдеме жасады. Оның баласы да COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды, оның жағдайы ауыр.
Төтенше жағдай режимінің аяқталуы вирустың жойылғаны емес. Сол себепті абай болайық достар!", – деп жазды Сәкен Қалқаманов.

Ал тұрғынның өзі вирусты қай жерде жұқтырғанын білмейтінін алға тартты.

"Бұл дертке сенбеуге болмайды. Үйде болыңыздар, бала-шағаларыңызды сақтаңыздар. Мен балама да жұқтырып алдым. Сол үшін барлықтарыңыз абай болып, үйлеріңізде қалыңыздар.
Ауруханаға түскеніме 4 күн болды. Дәрігерлердің арқасында жағдайым енді тәуір болып келеді", – дейді Түркістан облысының тұрғыны.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Айта кетейік, соңғы мәліметтерге сәйкес, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 7 мыңнан асты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Қазақстанның басқа да жаңалықтары