RU

"Еуразия" Бірінші арнасының екі қызметкерінен коронавирус табылды

"Қазмедиа орталығы" ғимаратында жұмыс істейтін екі жүзге жуық қызметкер КВИ тестілеуден өтті. Нәтижесінде республикалық телеарнаның екі жұмысшысында қауіпті инфекция анықталды деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствода айтылғандай, "Еуразия" Бірінші арнасының екі қызметкерінің ағзасынан коронавирус инфекциясы анықталғандықтан, оларды ауруханаға жатқызуға тура келген.

Нәтижесінде, бүкіл "Қазмедиа орталығы" ғимараты қатаң шектеу шараларын енгізу шешімі қабылданды.

7 маусымға дейін ғимаратқа кіруге тыйым салынады. Осы арада телеарнаның жұмысы эпидемияға қарсы қатаң режимге көшірілді. Барлық қызметкерлерге қашықтан жұмыс режиміне өту тапсырылды.

Еске сала кетсек, қазақстандық телевизия саласында өзіндік орны бар майталман тележүргізуші Бейсен Құранбек өмірден өтті.

Айта кету керек, тіл маманы, "Qazaqstan Barysy" қазақ күресін қолдау және дамыту қорының баспасөз хатшысы Жадыра Жүсіп 18 мамырда көз жұмған Бейсен Құранбектің кезекті игі ісіне тоқталды. Ол арыстай азаматтың қазақ күресінің дамуына сіңірген сүбелі үлесі туралы айтып берген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Қазақстанның басқа да жаңалықтары