RU

Қазақстан Ауғанстанға азық-түлік жіберді

Қазақстан Ауғанстанға азық-түлік көмегін жіберді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

"Қазақстан көршілес елдерге гуманитарлық көмек көрсетеді. Жақында Үкіметтің Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету туралы қаулысы шықты. Ауғанстанға азық-түлік көмегі жіберілді. Жалпы әр мемлекет өз мүмкіндігінше, медициналық құралдар мен азық-түлік сынды көмек беріп жатыр", – деді ҚР Сыртқы істер министрлігі Таяу, Орта Шығыс және Африка департаментінің директоры Ержан Мұқаш Нұр-Сұлтан әуежайында.

Айта кету керек, Қасым-Жомарт Тоқаев, сәуір айының басында Орталық Азия өтініш білдірген жағдайда Қазақстанның оларға гуманитарлық көмек көрсететінін мәлімдеген болатын.

Еске сала кетсек, бүгін Нұр-Сұлтанға "Qatar Airways" әуе компаниясының арнайы рейсімен 8,5 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.

Бұған дейін қытайлық миллиардер Джек Маның қоры Қазақстанға шамамен 4,5 тоннаны құрайтын гуманитарлық көмек жіберген еді.

Ал сәуір айының ортасында елімізге Польшадан гуманитарлық көмек келіп жеткен болатын.

Оған қоса, 14 мамырда Жапониядан Қазақстанға жалпы сомасы 12 мың АҚШ доллары болатын гуманитарлық көмек жеткізілді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Қазақстанның басқа да жаңалықтары