RU

Адамдардың көбі қартайғанда неге өкінетіні белгілі болды

Белгілі режиссер, сценарист әрі актер Диас Азімжан адамдардың қартайғанда неге өкінетінін айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Кино саласының дамуына сүбеліс үлес қосып жүрген шығармашыл жігіт бұл туралы ойын Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Түрлі елдерде жиі Өкініш рейтингтері жасалып тұрады. 70, 80, 90 жастағы адамдардан өмірінің соңында "бәрінен бұрын неге қаттырақ өкінесіз" деп сұралатын көрінеді. Ұзақ жылғы сауалнама барысында адамдардың басым көпшілігі төрт жағдайда өкінетіні байқалған.
Бір қызығы бірде-бір жан көлігі, айфоны, қымбат туфлиі болмағаны үшін өкініш білдірмеген. Бірде-бір адам "түнгі клубқа жиі бара алмадым", "бос мылжыңдай алмадым" демеген көрінеді. Барлығының өкінетіні бір ғана нәрсе – өзі қалағандай өмір сүруге батылының жетпеуі", - деді Диас Әзімжан.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Қазақстанның басқа да жаңалықтары