RU

Павлодарда алты көлік патрулі мас жүргізушінің соңына түсті (видео)

Көлік тізгіндеген мас жүргізуші Павлодар қаласының орталығында тәртіп сақшыларынан қашқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

21 мамырда кешкі уақытта полицияға Лермонтов пен Короленко көшелерінің қиылысында Ravon Nexia R3 көлігін мас жүргізуші басқарғанын хабарлаған анонимді қоңырау келіп түседі.

Көліктің ізіне түсе келе жүргізуші полицияның тоқтау туралы заңды талаптарын елемей, Назарбаев даңғылы бойымен шығыс бағытта жасырынбақ болды. Полиция жүргізушінің бағынбауы туралы ақпаратты кезекшіге хабарлады.

"Жол-көлік оқиғасын болдырмас үшін және осы жүргізушіні ұстау үшін, іздеуге көрші учаскелерден алты көлік патрулі қосылды. Кейін Лермонтов көшесіндегі тұрақта осы машина ұсталып, оқшауланды", – дейді полиция.

Тексеру барысында көлік тізгіндеген 37 жастағы Павлодар қаласының тұрғыны екені анықталды. Медициналық сараптамаға сәйкес, жүргізуші мас болған.

Бұзақы уақытша бейімделу және детоксикация орталығы жатқызылды, ал көлігі айып тұрағына қойылды.

Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 1-бөлігі, 613-бөлігі, 612-бабының 1-бөлігі және 599-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материалдар сотқа жіберілді.

Автотұрақты қарау кезінде барлық сақтық шаралары қабылданғанын атап өткен жөн.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Еске салсақ, Шымкентте полицей ер адамның бетінен ұрған сәті желіде тарады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Қазақстанның басқа да жаңалықтары