RU

Түркістан облысында аудан әкімі ТЖ кезінде моншада демалған (видео)

Карантин кезінде қызметкерлерімен моншаға барған Шардара ауданының әкімі "сөгіс" алды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық әдеп жөніндегі кеңесі мүшелері шенеуніктің мәселесін қарап, осындай тәртіптік жаза тағайындағаны белгілі болды.

Жиын барысында мәлім болғандай, Шардара ауданының әкімі мемлекеттік қызметшілермен бірге моншаға барған.

Ол төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік комиссияның төрағасы бола тұра, өзінің іс-әрекетімен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болғаны анықталды.

Одан бөлек, қызметтік көлікті жұмыстан тыс уақытта пайдаланғаны айтылды.

Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі кеңестің шешімен Шардара ауданының әкімі Жолдыбайға "сөгіс»" , аудан әкімінің аппарат басшысы Амантайға және Дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Райхановқа "қатаң сөгіс" қолдану ұсынылған.

Еске сала кетейік, елімізде коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған төтенше жағдай режимі 11 мамырда аяқталды. Дегенмен ірі қалалар мен облыстарда карантин режимі сақталып қалды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Қазақстанның басқа да жаңалықтары