RU

Нұр-Сұлтандағы балабақшалар 1 маусымда толығымен ашылады

Facebook-тағы Нұр-Сұлтан әкімдігінің онлайн-брифингінде білім бөлімінің бастығы елордадағы балабақшалар толықтай жұмыс істей бастайтын күнді жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Басқарма басшысы Шолпан Қадырованың айтуынша, 18 мамырдан бастап Нұр-Сұлтандағы балабақшалар мен мектепке дейінгі ұйымдар «кезекші топтар» режимінде жұмыс істеп жатқандығын айтты. Бұл режимде ата-анасы жұмысқа шыққан балалар балабақшаға бара алады.

1 маусымнан бастап барлық балабақшалар есігін айқара ашады. Бұл әдеттегі жұмыс тәртібі болады, алайда санитарлық талаптар сақталады.

Мектепке дейінгі дайындық топтарының балалары балабақшаға 1 тамызға дейін бара алады.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан әкімдігінің басқармасында балабақшаның кезекші тобына қабылдау үшін баланың денсаулығы туралы педиатрдың анықтамасы қажет екені айтылған. Бұл коронавирусқа арналған сынақ емес.

Сонымен қатар, бүгін білім бөлімі 1-сыныпқа құжаттарды қалай тапсыру керектігі жайлы хабарлады. Мұны Egov арқылы өтінішке тағы бірнеше сканерленген құжаттарды қоса отырып жасауға болады.

Еске салсақ, Атырауда жоғалып кеткен бір жарым жастағы бала өлі күйінде табылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Қазақстанның басқа да жаңалықтары