RU

Нұр-Сұлтанда баланы бірінші сыныпқа қабылдау тәртібі жарияланды

Нұр-Сұлтан әкімдігінің Facebook-тегі онлайн-брифингінде елордалық білім басқармасының басшысы 2020 жылы 1-сыныпқа қабылдау қалай өтетінін түсіндірді. Басшы қажетті құжаттардың тізімін айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Басқарма басшысы Шолпан Қадырованың айтуынша, 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау автоматты түрде жүзеге асырылады. Ол үшін Egov арқылы өтініш беру керек.

Яғни порталға ата-анасының немесе қамқоршысының өтініші, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, денсаулық туралы екі құжат – 026/у-3 (денсаулық паспорты) және 063/у, баланың 3x4 өлшемде түскен 2 суреті сияқты бірнеше құжаттарды жүктеу қажет.

Ал балаларды ерекше қажеттіліктері бар мектептерге қабылдау үшін педагогикалық және медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы керек.

Egov арқылы қашықтан мектепке немесе сыныпқа ауысу жөнінде өтініш те беруге болады.

Қадырованың айтуынша, мектеп комиссиялары аталған құжаттардан басқа қосымша қағаздар сұрамауы керек.

1-сыныпқа құжаттар қабылдау 1 маусымнан басталады. 17 тамыздан бастап Нұр-Сұлтан мектептерінде балаларға арналған ақысыз "жазғы мектептер" іске қосылады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Нұр-Сұлтан әкімдігінің онлайн-брифингінде білім бөлімінің бастығы елордадағы балабақшалар толықтай жұмыс істей бастайтын күнді жариялаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Қазақстанның басқа да жаңалықтары