RU

Пандемия созылса, дәрігерлерге берілетін төлемдер тоқтатылуы мүмкін

Коронавирус пандемиясы созылған жағдайда Қазақстанның медицина қызметкерлеріне берілетін төлемдер шектеліп, немесе тіпті тоқтатылуы да мүмкін. Бұл туралы әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жанындағы қоғамдық кеңестің онлайн-отырысында мәлім болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қоғамдық кеңестің отырысында атап өтілгендей, пандемия созылып, ақ халаттыларға бөлінген 36 миллиард теңге қаражат таусылса, үстеме ақы алатын дәрігерлер құрамын шектеу немесе төлемдерді тоқтату туралы шешім қабылдауға тура келеді.

Медицина қызметкерлерінің ішінен негізгі үш топқа үстеме ақы беріледі:

Бірінші қауіп-қатер жоғары топ. Оларға жұқпалы аурулар стационарының дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, соның ішінде жансақтау бөлімінің мамандары кіреді.

Екінші топқа уақытша стационарлардың медицина қызметкерлері, жедел жәрдем фельдшерлері, сондай-ақ поликлиника мен жұмысқа тартылған жағдайда санавиация қызметкерлері жатқызылады.

Үшінші топқа карантиндік стационарлардың медицина қызметкерлері, жедел жәрдем жүргізушілері, штаб мүшелері, блок-бекеттердегі денсаулық сақтау қызметкерлері мен басқалары жатады.

Бұдан бөлек, төлемдерге түзетулер енгізілді.

"Белгілі бір облыстарда әкімшілік және қосалқы бөлімшелердің қызметкерлерін – кір жуушылар, асхана жұмысшылары мен сантехниктерді медицина қызметкерлері ретінде қосқан. Қазір оларды анықтауды емес, ескертуді қарастыратын формат жасалды.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Бұйрыққа сәйкес, өңірлік комиссияның қосымша жұмысшылар тізімін бекітіп, оларға медицина ұйымдарының негізгі қаражаты немесе жергілікті бюджет есебінен сыйақы беруге нұсқамасы бар", – дейді медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов.

Айта кетерлігі, сәуір айында үстеме ақы алатындар саны наурызбен салыстырғанда 2,5 есе артқан – 17,7 мыңнан 42,6 мың адамға дейін.

Сондай-ақ карантиндік стационар жұмысшыларының қауіп-қатер дәрежесін қайта қарау жоспарлануда, себебі, енді ол жерлерге инфекциясы ауру белгілерінсіз өтіп жатқан адамдар жіберілуде.

Айта кетейік, соңғы мәліметтерге сәйкес, елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 7597-ге жеткен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Қазақстанның басқа да жаңалықтары