RU

Алматыда базарлар, сауда орталықтары мен ХҚКО ашылады: Қандай талап сақталуы керек

Алматы бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин бүгінгі онлайн брифингте жақында ашылатын сауда ойын-сауық орталықтары, базарлар мен Халыққа қызмет көрсету орталықтары қандай талап сақтауы қажет екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Жұмыс тәртібін анықтадық. Талаптар қарапайым, оларды күнделікті уақытта да орындау керек. Бірінші негізгі талап- әр нысында қызметкерлерді тексеретін, әр күні термометрия өткізетін жауапты тұлға болу керек. Коронавирус белгілері бар, жөтелген, дене қызуы көтерілген немесе тамағы ауырып тұрған адамдарды кіргізуге болмайды. Бұл талаптарды нысан иелері орындау қажет. Барлық жерде санитайзерлер, есікте маскамен ғана кіру туралы хабарландыру болуы тиіс.
Екіншіден, нысандарда стационарлық, аумағы 500 шаршы метрден аз болса, қолдан жасалған тепловизорлар қолданылуы қажет. Негізі стационарлық пайдаланған дұрыс. Аумағы 500 шаршы метрден асатын нысандарда дезинфекциялаушы тоннельдер орнатуды ұсынамыз. Қызметкерлердің 10%-ы денсаулығы туралы ақпарат алу үшін ПТР-диагностикадан ай сайын өтуі тиіс.
Егер осы кішкене тексерісте коронавирус жұқтырған адамдар анықталса, одан әрі де жұқтырғандарды анықтау жұмыстары жүргізіледі", - деді Бекшин.

Сондай-ақ, базардың тар жолдарында адамдар соқтығыспас үшін біржақты қозғалысты енгізу ұсынылады. Бутикке кірер тұста бір уақытта онда қанша адам болуы керегі жайлы хабарландыру ілінуі қажет.

Тағы да оқыңыздар

Жүктілік кезінде әйел адамдар не істеуі керек?

Ал қалғандары сыртта яғни әлеуметтік арақашықтық беліленген жерде тұруға міндетті. Касса аумағында да тәртіп сақталуы қажет.

"Нысан әкімшілігі уақытылы тазалау жұмыстарын жүргізіп, үстелді, орындықты, есік тұтқаларын жалпы адам қол тиетін заттың барлығын дезинфекциялау керек. Қызметкерде тиісті маска, қолғап және жеке антисептиктер болуы тиіс. Желдетудің механикалық жүйесі үнемі тексеріліп, жұмыс істеп тұруы керек.
Олай болмаған жағдайда, терезені 15 минут сайын ашқан дұрыс. Дезинфекция құралын пайдалану арқылы тазалау жұмыстарын күніне үш рет жүргізу қажет", - дейді Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері.

Сауда орталықтары сағат 23:00-ге дейін жұмыс істейді. Меймандардың өзі де әлеуметтік арақашықты және маска режимін сақтауы тиіс.

Айта кетейік, бүгінгі онлайн брифингте Жандарбек Бекшин қоғамдық тамақтану орындарына қойылатын талапты да айтқан еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Қазақстанның басқа да жаңалықтары